Павлодарда ЖОО мен колледж түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ЖОО мен колледж түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

25.07.2017

Оған 20-ға тарта кәсіпорын қатысып, 100-ден аса бос жұмыс орындарын ұсынды. Көбі өндірістік сала бойынша. Сонымен бірге, жұмыс берушілер тікелей сұқбаттасу арқылы білімді кадрларды таңдап, қызметке қабылдады. Ал, дипломы бойынша кәсіп таба алмаған түлектер қайта даярлаудан өтіп, жаңа мамандықты меңгеру туралы ақпаратпен танысты. Жыл басынан бері аймақта өткізілген 11 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша жұмыссыз жүрген 200-ге тарта адам тұрақты жұмысқа орналасты.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу