Өскеменде аттарды жалға беру бизнесі қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде аттарды жалға беру бизнесі қолға алынды

19.07.2017

Өскемен қаласының тұрғындары енді әрбір демалыс күндері атқа міну мүмкіндігіне ие болды. Қалалық ипподромда аттарды жалға беру бизнесін жергілікті азамат қолға алып отыр. Мамандардың айтуынша, егер бұл кәсіпті жолға қойса, табыс та мол болмақ.

Бірінші күні қала тұрғындары арнайы әзірленген шоуды да тамашалады. Тәжірибелі шабандоздар ұлттық ат спорт түрлерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Бұдан соң жиналған халық атқа мініп, серуендеп, суретке түсті.

Жылқыларды жалға беру бизнесін бастаған азамат соңғы 10 жылдан бері Қамбар ата түлігін өсірумен шұғылданады. Оның айтуынша, ипподромда бәйгеге дайындық кезінде қала тұрғындары аттарды мінуге жиі рұқсат сұрайды екен. Сондықтан, сұранысқа сай ұсыныс жасап, осы бизнесті ашуға бел буыпты. Енді сенбі, жексенбі күндері қалалық ипподромда өскемендіктер аттарды жалға алып міне алады.

 

Жанболат САНИЯЗ

Хабарламаларға жазылу