Қапшағай жағажайы қайта жаңғырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағай жағажайы қайта жаңғырады

18.07.2017

Алматы облысының Қапшағай қаласындағы екі жағажайда күрделі құрылыс жұмыстары қазір қызу жүріп жатыр. Оның инфрақұрылымы қайта жаңғырып, қуат көзін үнемдейтін шамдар орнатылады.

Сондай-ақ, тақтайдай тегіс Алматы-Талдықорған тас жолы берілгелі Қапшағайға келетін турист те көбейді. Ал, қала ішіндегі жолдар жөнделіп, демалушылар үшін қолайлы жағдай жасалған. Бұдан басқа, жағажай маңынан 200 көлікке арналған автотұрақ салынады. Сондықтан, саяхатшылардың саны биыл екі есе артады дейді жергілікті билік өкілдері.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу