Жаңа депутаттар тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа депутаттар тіркелді

14.07.2017

Депутат - ғарышкер, депутат - тұңғыш генерал әйел. Бүгін  Орталық сайлау комиссиясы Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған Сенат депутаттарын тіркеді. Комиссия төрағасы Берік Имашев ғарышкер Талғат Мұсабаев пен генерал Сәуле Айтпаеваға және Владимир Волковқа депутаттық төсбелгі мен куәлік тапсырды.

Айта кету керек, кеше Президент Жарлығымен Парламент Сенатының жаңа бес депутаты тағайындалды. Конституция бойынша Мемлекет басшысының жеті депутатты тағайындауға құқығы бар.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу