Елімізде сексеуіл ағашын сатуға мүлде тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сексеуіл ағашын сатуға мүлде тыйым салынды

14.07.2017

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитенінің төраға міндетін атқарушы Марлен Айнабеков мәлімдеді. Алматыда арнайы жиын өткізген комитет басшысы 15 шілдеде қабылданған жаңа заң бойынша ерекше қорғалатын аймақтар мен ұлттық парктерде аңшылық жасау да тоқтатылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, балық шаруашылығында Қытайдан әкелінетін торларды қолдануға заңмен тыйым салынғанын жеткізді.

Жаңа заңның аясында, ұлттық парктер мен қорықтарда жұмыс істейтін орманшылардың айлығын көтеру де қарастырылған. Мәселен, 2019 жылдан бастап орманшылардың айлығы 25 пайызға өспек. 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу