Ақпараттық кеңістік: жаңа көзқарастар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпараттық кеңістік: жаңа көзқарастар

13.07.2017

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның, оның ішінде азаматтардың жүріс-тұрысына, таным-пайымына ықпалы турасында сөз болғанда тәрбиенің бесіктен басталатынына қатысты мақал өңін өзгертіп, тақырыпқа сай «Ел болам десең, теледидарыңды түзе» деп айтылып жатады. Расында, бүгінде ақпараттық технологияның жедел дамуы отбасындағы тәлім-тәрбиенің ұғымын өзгертті. Қазір жастар ғаламтор, әлеуметтік желілер, телеарна бағдарламаларына қарап, бой түзейді. Былтыр елімізде ақпарат және коммуникациялар мәселелеріне қатысты заң жобасы әзірленді. Құжаттың қоғам дамуындағы маңызы қандай? Тілшіміз әңгімелейді. 

Отандық ақпарат және коммуникация саласына қатысты құжат былтырдан бері талқылануда. Пікір таластырып, ой бөлісуге қоғамның түгел атсалысуына мүкіндік жасалды. Себебі, бұл заңның бұқара үшін де, БАҚ саласы үшін де орны ерек. Жоба ең алдымен ақпараттық кеңістікті нығайтып, елдегі масс-медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу