Батыс Қазақстан облысының Дариян ауылында бұршақ жауып, тұрғындар зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының Дариян ауылында бұршақ жауып, тұрғындар зардап шекті

12.07.2017

Батыс Қазақстан облысының Дариян ауылы шілденің ортасында ақ қардың астында қалды. 6 мың тұрғыны бар елді мекен табиғаттың тосын мінезінен бір түнде зардап шекті. Аяқ астынан жауған қарлы бұршақтан жұрттың бау-бақшасы оталып, ауыл ішін су басты. Оқиға орнынан тілшіміз баяндайды.

Ауылда кешеден бері аудандық төтенше жағдайлар комиссиясы жұмыс істеуде. Тұрғындардан бөлек жақын маңдағы шаруашылықтар да зардап шеккен көрінеді.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу