Мәжіліс депутаттары Орал өңіріндегі өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

11.07.2017

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Орал өңіріндегі өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. 2 жыл бұрын іске қосылған трансформатор зауытында жұмыс шираған. Дайын өнімнің 90 пайыздан астамы Ресейге экспортталуда. Іргелі кәсіпорынды маманмен қамту мәселесі дуалды оқыту арқылы шешілген. Өнімі сұранысқа ие кәсіпорынның бірі – «Квант» серіктестігі. Мұндағы жиһаз фабрикасында 500-дей адам еңбек етеді. Өндіріс Индустрияландыру картасына енген. Қос өнеркәсіптің әлеуетімен танысқан депутаттар Орал қаласындағы әлеуметтік-спорттық нысандарды да аралады. Өткен жылы ашылған Оқушылар сарайы 1500 баланы мектептен тыс қосымша біліммен қамтыса, Теннис орталығында 300 балғын  жаттығады.

Хабарламаларға жазылу