Отандық өндіріс өркендеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өндіріс өркендеуде

15.01.2014
Отандық өндіріс өркендеуде
Қызылордада полимер құбырларын шығаратын зауыт жылына 7 мың тонна өнім өндіре бастады.  Өйткені, сумен жабдықтау, кәріздік жүйелер, табиғи газ тасымалдауға және жерасты саңылауын сілтілеуді қазуға арналған құбырларға сұраныс артып келеді.
 
Осы уақытқа дейін тек еліміз аумағын өз өнімімен қамтамасыз етіп келген зауыт енді дайын тауарларын Ресейге   кеңінен шығара бастады.
 
Мұндай зауыт елімізде санаулы. Сондықтан да, зауытта полимер құбырлар  үздіксіз өндірілуде. Өнім сапалы. Төзімділігі де жоғары, 50 жылға кепілдік бар. Өндірісте Еуропада, Араб елдерінде өндірілетін жоғары сапалы шикізат қолданылады. Технологияның барлығы шетелден әкелінген. Ресей, Қытай, Германияның қондырғылары.
 
Сауранбек Сүйінтаев, өндіріс цехының басшысы:
 4 цех, 11 технологиялық желі бар. Жылына 7 мың тонна полиэтилен өндіруге қабілетіміз бар.
 
Табиғи газ, жерасты суына, ұңғымаларға пайдалануға өте ыңғайлы,  диаметрі әртүрлі құбырларға сұраныс өте жоғары. Соңғы уақытта өнім көршілес Ресейге де экспортталып жатыр.
 
Михаил Флейшман, ЖШС бас инженері:
Мұнай компанияларымен және құрылыс мекемелерімен тығыз байланыстамыз.  Алдағы уақытта  автоөндіріс, көлік құрылысына пайдалануға болатын құбырларды шығару үшін жаңа  инновациялық жобаны жүзеге асыруды көздеп отырмыз.  Бұл орайда мемлекет қамқорлығына үміт артамыз.
 
Зауытта қазір 70-тен астам жұмысшы еңбек етеді. Өндіріс көлемі артса, әрине, сәйкесінше жұмысшы күші де көбейеді. 
 
Жалпы, Қызылорда өндіріске бет бұра бастады. Екі мәрте өткізілген инвестициялық форумның нәтижесінде биыл тағы бірнеше тың жобаны  жүзеге асыру көзделуде.
 
Жолмырза Еламанов, облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
Қазіргі уақытта 30-ға жуық жоба жасалып жатыр.  Болашақта жаңадан жұмыс орындары ашылады деген жоспарлар бар. 
 
Осылайша, облыс өзгеге тәуелділіктен арылуға ұмтылуда. Отандық өндірістің негізінде экономика да дами түспек.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу