Алматыда 30 адамды сан соқтырған күдікті азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 30 адамды сан соқтырған күдікті азамат ұсталды

10.07.2017

Алматыда жер комитеті қызметкерінің атын жамылып, 30 адамды сан соқтырған күдікті азамат ұсталды. Қазір ол екі айға қамауға алынды.

Оның сөзіне алданып, тақырға отырған тұрғындардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін, - дейді Наурызбай ауданының полицейлері. Себебі, қаланың қалаған тұсынан жер әперемін, деп уәдені үйіп-төккен күдікті әр азаматқа жалған телефон нөмірлерін беріп, әрқайсысынан 25-70 мың теңге ақшаны қолма-қол алған. 

Ол бұған дейін де алаяқтық қылмысы үшін 1,5 жылға сотталып, түрмеде жазасын өтеген.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу