Сыр елі арқылы Астана қаласы газдандырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр елі арқылы Астана қаласы газдандырылады

03.07.2017

Астанаға газ Сыр елі арқылы жеткізілуі мүмкін. Қызылордада бүгін «Қараөзек» компрессорлық станциясы іске қосылды. Қуатты әрі соңғы үлгідегі  бұл нысанның салынуын мамандар теңдессіз оқиға деп бағалап отыр. Өйткені, оңтүстіктің газ проблемасы шешілуімен қатар Астана мен еліміздің солтүстік облыстарын да газбен жабдықтайтын нысан салынды. Бүгін стратегиялық маңызды станция салтанатты түрде пайдалануға берілді.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу