Павлодарда интерактивті тир ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда интерактивті тир ашылды

28.06.2017

Павлодарда жаңа тир ашылды. Ерекшелігі сол, қару ұстаған адам интерактивті нысаналарды көздеп атады. Нысанның ашылуына облыс бюджетінен 30 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл жерде негізінен полиция қызметкерлері жаттығады. Олар тек қана Макаров немесе ТТ тапаншасы, Калашников автоматы сынды әскери қарулармен мергендіктерін сынайды.

Мұнда «3D» қозғалысы негізінде әзірленген бүкіл топқа арналған ойындар, немесе қарулы қылмыскермен тәртіп сақшысы арасындағы жекпе-жек сәттерін өткізуге болады. Яғни, жазатайым жағдай туындай қалған кезде полиция қызметкерінің атыс дайындығына икемділігі шыңдалады.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу