Талдықорған қаласында да Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған қаласында да Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді

28.06.2017

Дәл қазір дауыс берушілерді тіркеу рәсімі жүріп жатыр. Сағат 10:00-де жергілікті мәслихаттардың жиналысы өтеді. Жалпы, Алматы облысы бойынша 333 мәслихат депутаты дауыс береді. Облыстық сайлау комиссиясы өз миссиясын атқаруға 100 пайыз дайын. Бұл жолғы Сенат сайлауына Алматы облысы бойынша 6 кандидат ұсынылып, олардың тек екеуі ғана тіркелді. Олар өздеріне белгіленген уақытта өңірді аралап, сайлаушылармен кездесті. Бағдарламаларын таныстырды. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу