Туризмді дамыту тұжырымдамасы талқыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризмді дамыту тұжырымдамасы талқыланады

26.06.2017

Ішкі туризмнен гөрі шетелге қыдырып келген әлдеқайда арзанырақ. Мұны туризмге жауапты министрдің өзі мойындады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өтіп жатқан «Туризм және болашақ энергиясы» атты халықаралық форум аясында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жақын арада ел ішінде қыдыру айтарлықтай арзандайтынын айтты. Ол үшін туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі арнайы тұжырымдамасы қабылданбақ.

Жаңа құжат ертеңгі Үкімет отырысының күн тәртібіне шығарылады. Ондағы межелер жүзеге асса, туристік фирмалардан ұсыныстар артып, нәтижесінде ішкі туризм бағасы арзандамақ.

 Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу