«Хан Шатыр» 50 миллионыншы келушісіне 500 мың теңгенің сертификатын табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Хан Шатыр» 50 миллионыншы келушісіне 500 мың теңгенің сертификатын табыстады

19.06.2017

«Хан Шатыр» ашылғалы сауда кешеніне 50 млн. адам келген. Орталық ұжымы 50 миллионыншы келушіні анықтап, оған жарты млн. теңгенің сертификатын тарту етті. Жеңімпаз бұл ақшаға қалаған дүниесін сатып ала алады.

Бақ шаба ма, бап шаба ма?! Бағдат Исламғалиева кенже қызына жаздық көйлек алу үшін «Хан Шатырға» келеді. Оның айтуынша, сол күні ары кетсе 15 мың теңгенің саудасын жасамақ болған. Алайда, күтпеген жерден басына бақ қонып жарты млн. теңгенің иесі атанды.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу