Новосібір қаласында 50 пәтерді тонаған қарақшылар Павлодарда жергілікті полиция көмегімен қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Новосібір қаласында 50 пәтерді тонаған қарақшылар Павлодарда жергілікті полиция көмегімен қолға түсті

09.06.2017

Новосібір қаласында 50 пәтерді тонап, Ресей полициясын сан соқтырған қарақшылар Павлодарда жергілікті полиция көмегімен қолға түсті. Екі елдің тәртіп сақшылары арасындағы әріптестік қатынас алдағы уақытта нығая түспек. Ресей Федерациясының Алтай өлкесі, Новосібір және Омбы қалаларының Ішкі істер органдары өкілдері Павлодар және Шығыс Қазақстандық әріптестерімен кездесті.

Тараптар есірткі бизнесімен күрес, қылмысты ашу, жедел ақпарат алмасу бойынша келісімдерге қол қойды. Құқық бұзушылықтың алдын-алуда бірлесіп жедел әрекет жасаудың нәтижесі мол. Мәселен, өткен жылы Павлодар облысы аумағында аса ауыр қылмыс жасап, Ресейде жасырынып жүрген 8 адам кері қайтарылды. Бірнеше трансұлттық қылмыстық топтар ұсталды.    

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу