Астанаға газ тарту жобасы әлі бекіген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға газ тарту жобасы әлі бекіген жоқ

01.06.2017

Астанаға газ тарту жобасы әлі бекіген жоқ. Нақты мұндай жоба қабылдана ма, жоқ па ол да белгісіз. Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халыққа есеп беру кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Қызылордадан тартылатын магистралды құбырдың техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалған. Мемлекеттік сараптамадан өткен. Енді Үкіметтің шешім қабылдауы ғана қалып тұр. Ал, Үкімет қандай шешім қабылдайды, ол жағы әзірге белгісіз.

«Минералды ресурстарға бай, жер асты мұнай мен көгілдір отынға толып тұрған мемлекеттің астанасы әлі күнге дейін көмір жағып отыр. Болашақта көмірді пайдалануды біртіндеп азайтуымыз керек», - деді министр бүгінгі жиында. Бірақ бұл жоспардың өзі Үкіметтің қабылдайтын шешіміне байланысты болып тұр. 

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу