Астанада «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумы өтті

26.05.2017

Бүгін Астанада халықаралық Түркі академиясы  ұйымдастырған «Ұлы дала» екінші гуманитарлық ғылымдар форумы өтті. Ол Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналған. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Елбасы бұл форумның құрлықтарды шекарасыз жалғаған ғылыми интеграцияға тың серпін беріп, өзара түсіністік пен ықпалдастықтың дамуына оң әсер ететініне сенім білдірген. АҚШ, Венгрия және тағы басқа мемлекеттерден келген 200-ге жуық ғалым-зерттеушілер мен сарапшылар 6 секцияда мазмұнды баяндамалар жасап, Елбасы мақаласында көтерілген міндеттер мен тақырыптар төңірегінде пікірлерін ортаға салды.

Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі, киелі жерлер мен қастерлі мекендерге арналған «Туған жер» бағдарламасы, Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары жобасы мен  ғылымды дамыту мәселлері көтерілді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу