Биыл шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 1,5 миллиардтан астам теңге қаржы қаралған

24.05.2017

Биыл шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 1,5 миллиардтан астам теңге қаржы қаралған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері хабарлады. Биыл шегіртке және шегіртке тектес зиянкестер әсіресе Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында көп болуы мүмкін. Сондықтан да, аталған аймақтарға бөлінетін техника мен химикаттар саны екі есе көбейтілген. Жалпы, зиянкестермен күресу үшін республика бойынша 600-ден астам техника,  1200-ге жуық адам жұмылдырылады.  Ертең бірнеше өңірде шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары басталады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу