Бүгін Қостанай қаласында бес қабатты үйдің бойындай биіктікке суық су атқылады
Бүгін Қостанай қаласының орталығында канализациялық құбыр жарылып, бес қабатты үйдің бойындай биіктікке суық су атқылады. Баймағамбетов көшесіндегі қатты екпінмен шапшыған лай су жүргіншілер жүретін жолды бұзып кеткен. Түске дейін болған бұл көріністі тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алған. Қаланы сумен қамту мекемесі өкілдерінің айтуынша, бұл жоспарлы түрде құбырларды тексеру үшін жүргізілген жұмыс. Судың қысымы барынша күшейтілгенде құбырдың осал тұсы жарылған. Сонан соң мамандар қысымды қайта азайтып, жарылған жерді жөндеген.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06