Жыл басынан бері республика аумағында 1 млн. 500 мың адам тіркеуге тұрған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері республика аумағында 1 млн. 500 мың адам тіркеуге тұрған

14.05.2017

Бай-дәулеттілер тұратын Есіл есігін ешкімге ашпайды. Тұрғын саны толық. Ал Сарыарқаны сығалап көруге болады. Тіркеу құны 20 мыңнан басталады. Құшағы айқара ашық арасында - Алматы ауданы. Құны 10 мың, түсіріп 8 мыңға да тұрғылықты жерге құжат жасап бере алады. Ал 2 мың, 4 мың деп тұрғандарға тіпті жоламаған жөн.

Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 23-бабымен яғни, тұрғын үй иелері өзінің жалға беріп отырған үйіне жалға алушы азаматтарды тіркеу жауапкершілігі көзделді. Яғни, бұрында бұл заң жүзінде болмағандықтан, өзі жалға бергенмен де сол азаматтарды үйге тіркеуге отырғызуға ол міндетті  болмаған. 5.05.

Бұрын азамат бір жерде 3 айдан артық жүретін болса ғана көші-қон органдарында тіркеуде тұруы міндетті еді. Жаңа талап бойынша бұл мерзім қысқарды. Азамат 1 айдан артық уақытқа келсе, 10 күн ішінде тіркелуге міндетті. Егер заң бұзылса, 15883 теңге айыппұл төлейді. Пәтерін жалға беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Үй иесіне салынатын айыппұл көлемі - 22690 тг. 

Тұрақты тіркеуге тұрған азаматтар қазіргі таңда 81 мыңнан астам, ал уақытша тіркеуге тұрған азаматтар саны 155 мыңнан астам.  Қазіргі таңда осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

Заңды елеп-ескермей жүрген 2000-ға жуық азамат анықталды. 900-ден астам адам әкімшілік жазаға тартылды. 

Бұл Астана бойынша дерек, ал жалпы, республика аумағында жыл басынан бері 4 айдың ішінде 1 млн 500 мың адам тұрғылықты және уақытша тіркеуге тұрған. Ал, 2015-2016 жылдары бір жылдың ішінде 1 млн немесе 1 млн 200 мың азамат тіркелген.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу