Шығыс Қазақстан облысында бірнеше қаланың көшелері қар астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше қаланың көшелері қар астында қалды

02.05.2017

Шығыс Қазақстан облысында аяқ астынан қалың қар жауып, бірнеше қаланың көшелері қар астында қалды. Өскемен, Риддер, Серебрянск қалаларында жауған қардың қалыңдығы 5 сантиметрге дейін жеткен.

 

«Қазгидромет» мамандары мамыр айында мұндай қалың қардың жаууы сирек кездесетін құбылыс болғанымен, жалпы нормадан ауытқыған жоқ деп түсіндіреді. Синоптиктер шығыста күн райы жақын күндері жылымайтынын айтып, тұрғындарға абай болуды  ескертті.

Хабарламаларға жазылу