Мемлекеттік сатып алуда жемқорлық өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алуда жемқорлық өршіп тұр

02.05.2017

Әр төртінші жемқорлық қылмыс мемлекеттік сатып алу саласында жасалады. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев осы саладағы шикіліктерді айтты.

 

Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу саласында 73 жемқорлық қылмыс тіркеліп, оның 20-дан астамы сотқа жіберілген. Ал, «бармақ басты, көз қысты» әрекеті әшкереленіп сотталғандар былтырғымен салыстырғанда 40%-ға көбейген.

 

Жемқорлық фактілері көбінесе  тендерді бөлу, келісімшарт жасау, орындалған жұмыстардың актісіне қол қою кезінде болады. «Мемлекеттік сатып алу саласын түбегейлі реформалау керек», деген Алик Шпекбаев оның тетіктерін де атап көрсетті.  

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу