Еліміздің солтүстігіне Оңтүстік Қазақстан облысынан тағы 37 отбасы қоныс аударды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің солтүстігіне Оңтүстік Қазақстан облысынан тағы 37 отбасы қоныс аударды

02.05.2017

Олар теріскейдің Ақжар, Шоқан Уәлиханов, Есіл, Айыртау және Мағжан Жұмабаев аудандарына орналасады. Олардың арасында түрлі мамандық иелері бар. Көпшілігі егін егіп, мал өсіруді кәсіп етпек. Сондықтан, шаруаның жайын күйттеген азаматтар көш қамына өзгелерден ертерек кіріскен. Жалпы, өткен жылы өңірден ұзын-саны 146 отбасы еліміздің теріскейі мен шығысына барып, ондағы түтін санын көбейтті. Биыл тағы 700-дей отбасы өзге өңірлерге көшуге ниет білдіруде.

 

Ғани ҚАЛМАХНОВ

Хабарламаларға жазылу