Батыс Қазақстан облысының Ақсуат ауылында қорадағы уақ малды белгісіз жыртқыш тамақтап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының Ақсуат ауылында қорадағы уақ малды белгісіз жыртқыш тамақтап кеткен

02.05.2017

Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылындағы бірнеше үйдің ауласындағы малды белгісіз аң қырып кеткен. Үй иелері «мал шығынына көршілердің иті себеп болды», дейді. Бірақ, оған дәлел жоқ. Жалпы, ауыл тұрғындары мұндай жағдайдың қыстан бері қайталанып келе жатқанын айтады.

 

Учаскелік полиция оқиғаның ақ-қарасын анықтауға кірісті. Ал, ауыл шетіндегі мал көмбесінде ондаған қой-ешкінің өлексесі көмілмеген күйі жатыр.   

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу