Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды

28.04.2017

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл ынтымақтастық «отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға, өндірісін арттыруға және сыртқы нарыққа шығуына ықпал етеді», - дейді сала басшылары.  Сондай-ақ, экспорт пен импорт мәселесіндегі ұстанымды қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өнімін тікелей өткізу жүйесін дамытуға мүмкіндік бермек. Келісім аясында тараптар 40-тан астам іс-шараларды жүзеге асырмақшы.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу