Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру биыл да жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру биыл да жалғасады

28.04.2017

Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру биыл да жалғасады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Нұр Отан» партиясының бастамасымен өткен жиында мәлімдеді. Биыл 2700 азаматтың қоныс аударуына субсидия бөлінген. Бұл бағдарлама еңбек ресурстарын аймақтарда тиімді пайдаланып, демографиялық теңдікті сақтауға бағытталған. Өйткені, оңтүстік өңірде халық тығыз орналасқан. Сондықтан, балабақша, мектептерде орын тапшылығы, жұмыссыздық деңгейі жоғары. Ал теріскейде керісінше, қалаға жаппай көшудің салдарынан елді мекендер бос қалып жатыр. Сондықтан, жиналғандар министрлікке бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, олқылықтардың орнын толтыру керектігін жеткізді. 

 Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу