ШҚО сүт өнімдерін өндіруден республика бойынша көш басында тұр

28.04.2017

Шығыс Қазақстан облысы республика бойынша сүт өнімдерін өндіруден көш басында тұр. Өңірдегі жылдық көрсеткіш 836 мың тоннаны құрады. Бұл туралы  облыс басшысы Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз кеңесінде мәлімдеді.

«Шығыс Қазақастанда 51 сүт қабылдау бекеті жұмыс істейді. Алдағы уақытта шағын шаруалар кооперативтерге бірігуді жоспарлап отыр. Облысқа инвестиция тартуда да бірқатар келсімдер жасалды. Еуропа және Азияның қайта құру банктерімен өзара меморандумға қол қойылды. Бұл жұмыстардың барлығы Елбасының биылғы Жолдауында айтылған Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында жасалып отыр», - деді аймақ басшысы.

Хабарламаларға жазылу