Қазақ–қырғыз шекарасынан  тәулігіне 30 мың азамат өте алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ–қырғыз шекарасынан  тәулігіне 30 мың азамат өте алады

24.04.2017

Биылдан  бастап Қазақстаннан Қырғыз Республикасы аумағына  бір тәулікте  30 мыңға жуық адам өте алады.  Ол үшін Жамбыл облысындағы «Қордай» бақылау-өткізу бекетін ұлғайту жұмыстары қолға алынбақ.  Себебі, көрші елдер  арасында барыс–келіс көп, туристік маусым кезінде қатынас тіпті қиындайды. Екі мемлекетке ортақ  осы және өзге де мәселелерді  Жамбыл облысына барған Парламент Сенатының депутаттары  Қырғыз  әріптестерімен талқылады.  Дариға Назарбаева бастаған топ кездесуде шекарадағы проблемадан өзге, су мәселесін де қарастырды.

Жамбыл облысы тіршілік нәрінің 80 пайызын Қырғызстаннан алады. Сондықтан, трансшекаралық өзендерді дұрыс пайдалану  қажеттігі айтылды.  Тараптардың  кездесуі екі жаққа да пайдалы болды.  Алдағы уақытта да депутаттар  жиі жолығып, ортақ  мәселелерді дер кезінде шешуге уағдаласты.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу