Судан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Судан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

18.04.2017

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін су тасқынынан зардап шеккен Махамбет, Кірпішті елді мекендерінде болып, бау-бақша ұжымдарына барды. Су шайған үйлерін көрді, саяжай тұрғындарымен тілдесті. Сондай-ақ,  40-шы мектепке орналастырылған адамдармен де сөйлесіп, жағдайларын білді. Су қоймалары бойында, өзен-көлдер жағалауларындағы 579 үй және аулаларды су шайғаны белгілі. 1510 адам көшіріліп,  69 адам құтқарылды. 7 пунктке 832 адам, оның ішінде 325 бала уақытша жайғастырылды.

Галбағда ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу