Бүгін Қазақ-Қытай комитетінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қазақ-Қытай комитетінің отырысы өтті

18.04.2017

Бүгін Қазақ-Қытай комитетінің 8-ші отырысы өтті. Жиын барысында екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік қарым-қатынастың келешегі талқыланды. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын «Жібек жолының экономикалық белбеуі» бағдарламасымен ұштастыру мәселесі қарастырылды. Бұған сәйкес, Қазақстан мен Қытай арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өзге де салалар бойынша өзара серіктестік орнатылмақ.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу