Ұлттық ұлан кинологтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жаттығуларын жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ұлан кинологтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жаттығуларын жүргізді

04.04.2017

Ұлттық ұлан кинологтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жаттығуларын жүргізді. Әскери қызметкерлер қызметтік иттерді қоғамдық орындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуге бейімдеуде.

Астанадағы кинологиялық орталықта 35 әскери ит бар. Жарылғыштан бөлек, олар есірткі заттарын іздестіруге және қылмыскерді ұстауға машықтанған. Күніне 4-5 сағаттан жаттығады.

Орталықта 33 кинолог жұмыс істейді. Көп ретте олар әуежай мен темір жолвокзалын тексереді. Енді біразы алда келе жатқан халықаралық шараға жіберілмек. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында көрмеге республиканың әр өңірінен тағы бірнеше маман көмекке келеді.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу