Астанаға су тасқыны қаупі төніп тұрған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға су тасқыны қаупі төніп тұрған жоқ

16.03.2017

Кешегі хабарымызда еліміз бойынша мыңға тарта елді мекенге су тасқыны қаупі төніп тұрғанын хабарлап, Астана маңындағы ауылдардың бірінен арнайы сюжет ұсынған едік.

Бүгін қала әкімдігі биыл қардың шамадан тыс мол жауғанына байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, тасқынның алдын алу шаралары жүргізілгенін жеткізді. Мамандар  Есіл өзенінің жоғарғы ағысын тексеріп, ондағы қар мөлшері белгіленген шамадан 20-30 пайызға көп екенін анықтады. Қазір ол жердегі бөгеттер барынша күшейтілген.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу