Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова балаларға Елбасы атынан арнайы сыйлық табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова балаларға Елбасы атынан арнайы сыйлық табыстады

01.03.2017
«Алғыс айту күнін атап өту бұл - халқымыздың рухани қаһармандығына тағы бір бас иіюмен тең. Бұл мейрам қазақтың бойындағы қайырымдылық пен ізгі қасиеттерін танытқан қиын-қыстау кезеңнің естелігі тәрізді». Бүгін бүкіл қазақстандықтарды мерекесімен құттықтаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің құттықтау хатында осылай деді.

Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен салтанатты шарада қазақ елінің өткен тарихынан сыр шертетін қойылымдар ұсынылды.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова балаларға базарлық ретінде Елбасы атынан арнайы сыйлық табыстады. Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа мүшелеріне куәлік тапсырылды.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу