Шалғайдағы ауыл өркениеттен өгейлік көріп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шалғайдағы ауыл өркениеттен өгейлік көріп отыр

28.02.2017
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қалған сыр» ауылы аудандардың шекаралық бөлінісі кезінде жіберілген шалағайлықтың салдарынан әлі күнге өгей баланың күйін кешіп келеді.

Кезінде тап іргесінде тұрған Шардараға емес, 150 шақырым жердегі Сарыағаштың қарамағына өтіп кеткен ауылда әлеуметтік қиындықтар шаш етектен.
Ауызсу, тас жол, табиғи газ деген атымен жоқ. Электр желілері мен трансформатор әбден тозғандықтан қуат бағасы үшін тұрғындар өзгелерден 3 есе артық ақша төлейді. Ең қиыны ауылдағылар сырқаттанып қалса, азаптанып ит арқасы қияндағы орталыққа баруға мәжбүр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу