8 адамды өрттен құтқарып қалған жауынгерлер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 адамды өрттен құтқарып қалған жауынгерлер марапатталды

23.02.2017
Айта кетейік, 3 ақпан күні кешкілік Жеңіс даңғылы бойындағы көпқабатты жатақхананың бірінен өрт шығады. Осы сәтте көше тәртібін бақылап жүрген әскери жасақ оқыс оқиғаны аңғарып, бірден көмек көрсеткен.

Өз бастарын қатерге тіккен сарбаздар 8 адамды ажал ауызынан аман алып қалған. Лейтенанттар мен қатардағы сарбаздар «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» және «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» берілетін белгімен наградталды.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу