Қысқы маусым басталғалы өрттен 190 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқы маусым басталғалы өрттен 190 адам мерт болды

22.02.2017
Бұл туралы бүгін төтенше жағдайлар комитетінен хабарлады. Сараптама көрсеткендей қайтыс болғандардың 42 пайызы өрт кезінде ұйықтап жатқан.

Дегенмен, тиісті шаралардың нәтижесінде биыл өрт шығу фактілері былтырғымен салыстырғанда 8 пайызға азайған.

Қысқы маусымда құтқарушылар 7 миллиардқа жуық теңгенің дүние мүлкін сақтап қалған. Өрттің басым бөлігі жылыту пештері мен электр құрылғыларды дұрыс пайдаланбаудан болады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу