Қостанай облысында мемлекетке тиесілі қарызды қайтарып алу жұмысы мандымай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында мемлекетке тиесілі қарызды қайтарып алу жұмысы мандымай тұр

16.02.2017
Мысалы, былтыр жауапкер тараптардан мемлекет пайдасына 2 млрд. теңге өндірілуі тиіс болатын. Бірақ, жыл соңына дейін соның тек жартысының өндірістік ісі аяқталған. Ал, бюджетке нақты түскені 413 млн. теңге ғана. Яғни, тиісті соманың тек 20 пайызы өндірілген.

Бұған құзырлы органдардың өзара үйлесімді әрекет ете алмауы мен заңдағы олқылықтар себеп болып отыр. Кемшілікті жою үшін облыстық прокуратурада «Бюджетті толықтыруға бағытталған 20 қадам» жобасы қабылданды.

Жобаның мақсаты - мемлекетке тиесілі қарызды өндірудің тиімді жүйесін құру. Ол үшін Әділет департаменті, әкімдік, сот орындаушылары мен прокурорлардың жұмысын өзара үйлестіру жолдары қарастырылған.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу