Алматы облысының Қапшағай қаласында заңсыз жұмыс істеп келген 2 ойынхана анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Қапшағай қаласында заңсыз жұмыс істеп келген 2 ойынхана анықталды

07.02.2017
Жасырын автоматтар залының біреуі бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан. Оның ішінде 14 ойын автоматы, бір америкалық рулетка және көлеңкелі айналымнан 72 мың теңге тәркіленді. Ал, екінші астыртын залдан 11 ойын автоматы, бір рулетка мен 99 мың теңге алынды.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу