Алматы қаласында аудандық соттың үш судьясы тәртіптік жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласында аудандық соттың үш судьясы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

31.01.2017
Алматы қаласында аудандық соттың үш судьясы сот істерін қарастыру кезінде өрескел заң бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Бұл туралы бүгін кеңейтілген кеңесте қалалық соттың төрағасы Ештай Ақжан айтты. Оның сөзінше, былтыр 180 мыңнан астам азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс қаралған. Бұл - 2015 жылмен салыстырғанда отыз мыңға артық.

Сондай-ақ, алқалы басқосуда сот ісінің уақыт талабына сай нақты мерзімге сәйкес қаралуы, әрі медиация бойынша шешілетін істердің санын көбейту мәселесі де қаралды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу