Басты Жаңалықтар Ұлттық банкте Ақша-несие саясаты бойынша техникалық комитеттің кезекті отырысы өтті

Ұлттық банкте Ақша-несие саясаты бойынша техникалық комитеттің кезекті отырысы өтті

Бүгін Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев Ақша-несие саясаты бойынша техникалық комитеттің кезекті отырысын өткізді.

Әр сенбі күні ұйымдастырылатын комиссия жиынында еліміздегі қаржы нарығының мәселелері талқыланды. Атап айтсақ, қазір қолданыстағы ақша-несиелік бағытын реттеу тетіктерінің тиімділігін арттыруға баса назар аударылды. Техникалық комитеттің ұстанымы Ұлттық банктің ақша-несие саласындағы келісілген, жедел іс-қимылдарын айқындауды көздейді. Отырыста қаржы нарығындағы алдағы кезеңге арналған жоспарлар да пысықталды.

Алмат ӘБДІРАМАН
Бөлісу