Маңғыстау облысында пара сұраған ауыл әкімі сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында пара сұраған ауыл әкімі сотталды

06.01.2017
Маңғыстауда 20 мың теңге бопсалағаны үшін Сайын Шапағатов атындағы селолық округі әкімінің міндетін атқарушы қамауға алынды. Ол жер учаскесіне жеке меншік құқық беру туралы шешімнің көшірмесі үшін ақша талап еткен.

Мұның заңсыз екенін ескерген азамат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне арызданады.

Осылайша, шенеуніктің қызмет бабын пайдаланып, пара сұрағаны әшкере болды. Нәтижесінде сот оның жеке мүлкін тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік мекемеде жетекшілік қызмет атқаруына тыйым салды.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу