Тіркеу туралы заң түсініспеушілік тудырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тіркеу туралы заң түсініспеушілік тудырып жатыр

06.01.2017
Ертеңнен бастап уақытша тіркеуге тұрмағандар жазалана бастайды. Жаңа жылда енгізілген жаңа ереже бойынша енді еліміздің кез келген елді мекенінде бір айдан артық тұрақтасаңыз, сол жерде уақытша тіркеуге тұруға міндеттісіз.

Айта кетерлігі, бұдан кейін тұрақты тіркелген мекен-жайыңыз мәліметтер базасынан жойылып кетпейді.

Бұл жаңалыққа халық біраз абдырап қалды. Кейбірі: «өз елімізде жүріп-тұруымыз қиындай түседі», деп ережені түсінбей жатыр.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу