Қарағанды облысының Шахан кентінде болған апаттан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Шахан кентінде болған апаттан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті

04.01.2017
Айдың-Күннің аманында Андроповтар әулеті үш бірдей жақынынан айырылып отыр. Ерлі-зайыпты Виталий мен Ольганы және олардың кішкентай қыздары Евангелинаны бүгін жер қойнына тапсырды.

Ал, Галышевтер отбасынан апат кезінде екі адам қайтыс болды. Әулет иесі Василий Галышев пен немересі Артурдың жерлеу рәсімі де бүгін өтті.

Осы қайғылы оқиғадан қайтыс болғандардың бірі Валерий Михайловты да жақындары ақтық сапарға шығарып салды.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков бастаған жергілікті билік өкілдері жақын-туысынан айырылған отбасыларға барып, көңіл айтты.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу