Діни экстремистік ұйымға қатысты 33 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діни экстремистік ұйымға қатысты 33 адам ұсталды

23.12.2016
Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыдан 2 күн бұрын басталған «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни экстремистік ұйымына қатысты арнайы операцияны аяқтады.

Операция барысында барлығы 33 адам ұсталды. Оларға діни алауыздықты қоздырды және аталған ұйымның іс-әрекетіне қатысты деген күдік тағылып отыр. Тінту барысында діни материалдар, дискілер, компьютерлік техника және үлкен сомада ақша табылып, тәркіленді.


Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу