Түбіртек жинап, автомобиль ұтып ал! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түбіртек жинап, автомобиль ұтып ал!

23.12.2016
«Чекті талап ет - сыйлықты ұтып ал» жалпы республикалық акциясына қатыс та, көлік ұтып ал. Бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінде ұйымдастырған ұтыс ойынында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Равиль Хайруллин су жаңа көліктің иесі атанды.

Комиссия мүшелерінің көз алдында өткен ұтыс ережесіне сай, жеңімпазды компьютер анықтайды. Жеңімпаз 596 теңгеге сауда жасап, түбіртегін жіберген екен. Жалпы, акцияға 27 мың қазақстандық қатысқан.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу