Қостанайда жоғалған студент қыздар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жоғалған студент қыздар табылды

08.12.2016
Бұған дейін Қостанайда 18 жастағы қос құрбының жоғалып кеткенін айтқан болатынбыз. Жергілікті колледжде оқитын олардың біреуі 26 қараша күні, екіншісі 27 қараша күні «сабаққа барамыз» деп шығып кетіп, қайта оралмаған.
Арада екі күн өткенде ата-аналары полиция бөліміне хабарласып, әлеуметтік желі қолданушыларынан да көмек сұраған. Мұнан кейін қос құрбыға ұқсас бойжеткендерді Астана қаласынан көрдік дегендер де болды. Алайда, оны дәлелдеудің сәті түспеді. Полиция қызметкерлері қыздарды Қостанай қаласынан тауыпты.



Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу