Алматыда жауған қалың қардан кейін көлік кептелісі тұрғындарды әбігерге салуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жауған қалың қардан кейін көлік кептелісі тұрғындарды әбігерге салуда

22.11.2016
Ірі мегаполисте шамамен 1000 адамға 500 көліктен келеді екен.
Қала басшылығы қозғалысты бірқалыпқа келтіреміз деп жанталасып жолды тазалағанымен, одан еш қайыр болмай тұр.
Көлік кептелісінің тағы да бір себебі - үш қатар жолдың екі қатары қардан тазаланбаған. Сондай-ақ, адамдар жеке көліктерін жолдың жиегіне қойып тастаған. Қазір машиналар тек қана бір қатармен жүріп жатыр.


Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу