Атырауда 53 нысан жылыту маусымына дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 53 нысан жылыту маусымына дайын емес

11.10.2016
Атырауда 53 нысан жылыту маусымына дайын емес

Атыраудағы 53 нысан жылыту маусымына дайын емес. Бұл мәселе мемлекеттік мекемелер мен пәтер иелері кооперативтерінің салғырттығы салдарынан туындап отыр. Шаһарда қалыптасқан жағдай туралы  «Атырау Жылу жүйелері» АҚ Президенті Нұрадин Шамшатов айтты.

Сондай-ақ, жиында өңірдегі жылу желілерін жөндеу, ауыстыру, түрлі жабдықтар сатып алу үшін 444 млн.теңге бөлінгені тілге тиек етілді. «Ал, орталық жылу жүйесіне қосылған Атыраудағы 841 нысанның 53-і әлі қысқы маусымға әзір емес»,- деді салалық мекеме басшысы.

Айдос ҚАРАБАЛА

«KazNews» жаңалықтарының мұрағаты

Хабарламаларға жазылу