Теріскейге Оңтүстік Қазақстан облысынан 50 отбасы көшіп келді    - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейге Оңтүстік Қазақстан облысынан 50 отбасы көшіп келді   

07.07.2016
Теріскейге Оңтүстік Қазақстан облысынан 50 отбасы көшіп келді   

Теріскейге Оңтүстік Қазақстан облысынан 50 отбасы көшіп барды.  Жері құнарлы Ақжар мен Уәлиханов аудандарына орнығып, алды жұмыстарына кірісіп те кетті. Жергілікті атқарушы билік «Ішкі көші-қон»  бағдарламасы арқылы  жаңа қонысқа жайғасқан оларға көтерме қаржы мен баспана беріп, мүмкіндігінше жағдай жасауға кірісті. 

Қысы қытымыр  болғанымен, жері құнарлы Қызылжар өңірі бау-бақша өсіріп, мал ұстауға қолайлы. Сондықтан, халқы тығыз орналасқан күнгейліктер осы жаққа қоныс аударуды жөн санапты.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу